13.12.2022 жылы информатика пәні мұғалімдерінің «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі цифрлы заманауи әдістер» аудандық тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Сабақ барысында цифрлы заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланып,белсенді оқытуды ұйымдастыру мақсатында мұғалімдер телефонда Beeline, Aktiv, Tele 2, Altel симкарталары салынған және әр телефонда сөздер жасылған сол сөздер арқылы бір бірімен байланысып сөйлесті және сол симкарталар арқылы 4 топқа бөлінді. «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары» бойынша таныстырылым көрсетіп, QR кодтарының суреті бар кубикты лақтыру арқылы тапсырмалар берілді. СМС әдісі арқылы кері байланыс жасалынды. Крылов атындағы орта мектеп информатика пән мұғалімдері Р.Рысбаева мен А.Лайбекова өз тәжірибелерімен бөлісті. 7-сыныпта дарынды оқушы Қ. өзі қолдан құрастырған Бахош робот сабақтың бүгінгі тақырыбын қалай түсінгенін нақтылап айта кетті. Бүгінгі гистограмма, диаграммаларының қосымша құрастырылған маскада қай жерінде кездесетіндігін атап өтіп, диаграмма типтерінің түрлерін көрсетті.